Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шетелдіктердің электронды визамен Ресейде​ болу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды

Шетелдіктердің электронды визамен Ресейде​ болу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды
Шетелдік азаматтар бір электронды визамен Ресейде 16 күн емес, 30 күн бола алады. Бұл туралы үкімет отырысында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.

Үкімет отырысында Михаил Мишустин елдегі туризм саласының белсенді дамып келе жатқанын, соның арқасында Ресейде демалуды жөн санайтындар көбейіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы Ресей ішінде туристік сапарлар саны 10 пайызға артқан.

Бірыңғай электронды виза жүйесі 2023 жылдың 1 тамызында іске қосылған болатын. Бұл виза арқылы шетелдік азаматтар Ресейде 16 күнге дейін бола алатын еді. Енді жаңа заңнамалық өзгерістерге сәйкес, бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылып, визаның әрекет ету мерзімі төрт айға дейін көбейтіледі.

Бұл өзгерістер шетелдік туристерге Ресейдің табиғаты мен тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес байланыстарды нығайтуға жағдай жасайды.

Ұқсас материалдар