Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«СҚ-Фармация» қаржы жымқыру ісі бойынша тергелуде

«СҚ-Фармация» қаржы жымқыру ісі бойынша тергелуде

«СҚ-Фармация» ЖШС қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі – сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласына жүргізілген аудит барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған:

  • Клиникалық зерттеулер мен жеткізілмеген жабдықтар үшін 203 млн теңгеге жуық негізсіз төлем жасалған;
  • 13 түрлі препараттың сатып алу бағасы нарықтан 600%-ға жоғары болған;
  • «ҚазМедПром» компаниясы медициналық қолғапты қымбат бағамен сатқан;
  • Бюджетке келтірілген шығын көлемі 35,8 млрд теңгені құрайды.

Аудит нәтижесінде 25 млрд теңгеге жуық қаражаттың тиімсіз жұмсалғаны белгілі болды. Маусым айында бұл деректер Бас прокуратураға жолданған.

Айта кетейік, «СҚ-Фармация» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бұған дейін 2017 және 2020 жылдары да көтерілген болатын.

Биыл Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек компанияға қатысты бюджет қаржысын жымқыру фактілері бойынша Бас прокуратураға төрт арыз беретінін хабарлады.

Ұқсас материалдар