Цифрлық даму министрлігі Қостанай облысына 30 терминал, Ақтөбе облысына 3 терминал, БҚО-ға 3 терминал, Ұлытау облысына 1 кешен, Атырау облысына 6 терминал, ШҚО-ға 2, СҚО-ға 3 терминал жіберді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Starlink, ең алдымен, үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін облыс мектептерін жабдықтайды.
Бұл ретте осы аптада республика бойынша бір уақытта қосылу үшін қосымша терминал кешендерін жіберу жоспарлануда. Қажет болған жағдайда және әкімдіктерден тиісті сұраулар түскен жағдайда Министрлік қосымша терминалдар жіберуге дайын.
Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.