Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шу – Отар бағыты бойынша электрпойыз қатынай бастайды

Шу – Отар бағыты бойынша электрпойыз қатынай бастайды

Жолаушылар тасымалы 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады.

Бұған дейін бұл бағытта бір ғана жолаушылар вагоны жүрген. Енді төрт вагоннан тұратын электрпойызы пайдалануға беріліп, жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.

Электрпойыз күн сайын қатынайды:

  • ШуОтар: 15:30 – 19:00

  • Отар → Шу: 06:40 – 10:03

Жолаушыларға үш тарифтік санат ұсынылады:

  • 1-санат – 2257 теңге

  • 2-санат – 2097 теңге

  • 3-санат – 1751 теңге

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайтынан және компания кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы беріледі.

Ұқсас материалдар