Жолаушылар тасымалы 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады.
Бұған дейін бұл бағытта бір ғана жолаушылар вагоны жүрген. Енді төрт вагоннан тұратын электрпойызы пайдалануға беріліп, жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.
Электрпойыз күн сайын қатынайды:
-
Шу → Отар: 15:30 – 19:00
-
Отар → Шу: 06:40 – 10:03
Жолаушыларға үш тарифтік санат ұсынылады:
-
1-санат – 2257 теңге
-
2-санат – 2097 теңге
-
3-санат – 1751 теңге
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайтынан және компания кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы беріледі.





