ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен шараға Индия, Иран, Қырғыстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы елдерінің Әділет министрлері қатысты.
Отырысқа ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары және бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь Республикасының Әділет министрі Евгений Коваленко қатысты. Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері Әділет министрлерінің 2023 жылы өткен оныншы кездесудегі келісімдерді іске асыру бойынша Әділет минстрліктері арасындағы өзара ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды.
Әділет министрлері ШЫҰ кейінгі жылдарда қол жеткізілген құқық және әділет саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Осындай тұрақты кездесулер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Әділет органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
ҚР Әділет министрі құқық пен әділет саласын цифрландырудағы ынтымақтастықты тереңдетуге және озық тәжірибемен жүйелі түрде алмасуға мүмкіндік беретін меморандум жасасу туралы бастама көтерді.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтық туралы мәлімдемеге қол қойылып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің Әділет министрлері кеңесінің 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Әділет министрлерінің келесі кеңесі 2025 жылы Ресейде өтеді.