Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Теңге нығайып келеді: доллар бағамы 495 теңгеге түсті

Теңге нығайып келеді: доллар бағамы 495 теңгеге түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 494,63 теңгені құрады.

Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,13 теңгеге төмен. Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға арналған ресми доллар бағамы – 495,1 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 494,81 теңгеден сатып алынып, 497,37 теңгеден сатылуда. Астанада сатып алу бағамы – 493,97 теңге, сату – 500,97 теңге. Шымкентте доллар 495,58 теңгеден қабылданып, 497,63 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы күндері теңге біртіндеп нығайып, доллар бағамы төмендеу үрдісін көрсетуде.

Ұқсас материалдар