Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Теңгенің нығаюына не әсер етті: Ұлттық банк түсініктеме берді

Теңгенің нығаюына не әсер етті: Ұлттық банк түсініктеме берді

Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің күшеюі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне байланысты екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты. Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылдың басынан бері теңге 3,3%-ға нығайып, бір доллар бағамы 489,28 теңгеге дейін түскен. Негізгі себептердің бірі – халық пен компаниялардың долларға сұранысының азаюы. Сонымен қатар ақпанда ірі салық төлемдері кезінде экспорттаушылар валютасын теңгеге айырбастап, нарықта доллар ұсынысы артқан.

Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлар Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына шамамен 600 млн доллар инвестиция салған. Мұнай бағасының өсуі мен доллардың әлемдік деңгейде әлсіреуі де ұлттық валютаға оң әсер еткен.

Ұлттық банк теңге бағамы еркін өзгеретінін айтып, қазіргі уақытта нарықта алыпсатарлық байқалмайтынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар