Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тимур Турлов Kaspi.kz-ке қолдау білдірді

Тимур Турлов Kaspi.kz-ке қолдау білдірді
Бизнесмен, Freedom Holding Corp негізін қалаушы және басшысы Тимур Турлов "шортистер" шабуылына ұшыраған Kaspi.kz компаниясын қорғап, пікір білдірді. 

 "Қазақстандағы ең ірі экожүйе Kaspi.kz-ті БАҚ-да  кезекті шортистер (қор нарығында қысқа мерзімді алып-сатарлар) шабуыл жасады. NASDAQ ашылуында акциялар 20%-дай құлдырап, кешке қарай біртіндеп қалпына келе бастады. Айыптаулар жиынтығы - біздің аймаққа қатысты жалған топтаманың бір түрі ғана. Санкциялар, AML, Ресей. Ойдан шығарылған болжамдар мен мысалы, Орталық Азиядан келген компаниядан тағы не күтесіз, дегендей әңгімелер", деп  жазды Турлов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кәсіпкер  Kaspi.kz-пен бір нарықтың ойыншылары екенін және «ақпараттық шабуыл туралы жақсы түсінетінін» жазған. 

"Біз серіктес емеспіз, бірақ бір нарықтағы ойыншымыз. Әріптестеріміздің не істеп, не істемейтінін біз азды-көпті түсінеміз. Сондай-ақ біз санкциялар режимінің шын мәнінде қалай жұмыс істейтінін және AML және Compliance тәжірибесін көбірек білеміз. Kaspi барлық осы процестерге өте мұқият қарайды, олар нарықта өте жақсы беделге ие. Сені рубльдегі аударымдар үшін «ресейлік» Райффайзен банкімен байланысың бар, деп айыптайтын адамдар санкциялық режимнің өзі туралы да, біздің географиямыз туралы да ештеңе түсінбейді.

Олар жай ғана адамдардың эмоцияларымен ойнайды, фактілермен ашық түрде манипуляция жасай отырып, есептерін жалған бағалау мен түсіндірулермен толтырады. Нәтижесінде (бұған-ред.) дайын емес батыс инвесторларына сұмдық сияқты көрінеді. Жағдайды нақты түсінбейтіндер көбінесе жүйкесін құртып,  ақшасын «көздерін ашқандарға» беріп, қаржы жоғалтады. Құрудан бұзу оңай", деп жазды кәсіпкер. 

Сондай-ақ Kaspi-дегі әріптестері институционалдық инвесторларға жол ашуға және Қазақстанның финтех елі ретіндегі имиджін қалыптастыруға көмектесуде, екенін айтқан.

"Біздің әріптестер аймақтағы жетекші және ең тиімді цифрлық экожүйеге айналған керемет бизнесті қалыптастырды. Қазақстанның әрбір экономикалық белсенді азаматы күнделікті қолданатын көптеген нақты инновациялары бар. Біз әріптестерімізден көп нәрсені үйренеміз және мақтанамыз. Олар институционалдық инвесторларға жол ашуға және Қазақстанның финтех елі ретіндегі имиджін қалыптастыруға көмектесуде. Біз әрқашан олардың үлгілерімен келісе бермейміз, біз өз тәсілдерімізді іздейміз және жиі басқа өнімдерді шығарамыз, экожүйені басқаша көреміз. Бірақ үйренетін және келіспейтін біреудің болғаны өте жақсы", деп жазды Тимур Турлов.


Айта кетейік, Freedom Holding Corp құрылымдары да 2023 жылы ұқсас жағдайға тап болып, кейін оның бәрі жалған айыптаулар екені белгілі болды. 

"Егер олар (ақпараттық шабуыл жасаушылар – ред.) бір жылдан астам уақыт бұрын бізбен де осындай ойын ойнауға тырыспаса, мен бұл жазбаны жазбас едім. Сол кезде біз де тағылған айыптардың негізсіз екенін дәлелдеу үшін көп ақша мен уақыт жұмсадық.

Әріптестерімнің де табысқа жететініне сенімдімін. Өлтірмейтін нәрсе әрқашан күшейтеді және иммунитетті тудырады. Сенімін сақтағандар табыс табады", дейді Турлов.




Ұқсас материалдар