Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Төлеби» кредиттік серіктестігі» ЖШС лицензиясынан айырылды

«Төлеби» кредиттік серіктестігі» ЖШС лицензиясынан айырылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ттағы бір микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды. 

Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 07.08.2025 жылғы №31 бұйрығына сәйкес, «Төлеби» кредиттік серіктестігі» ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.

Заңнамаға сәйкес лицензиядан айыруға уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамау негіздеме болды. Заңға сәйкес, кредиттік серіктестік Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «Кредиттік серіктестік» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар кредиттік серіктестік клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, ұйым алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.

Ұқсас материалдар