TotalEnergies пен «ҚазМұнайГаз» 1,2 млрд долларлық жел электр станциясын салады
фото: Сергей Терешкин
TotalEnergies, ҚазМұнайГаз және Самұрық-Қазына Жамбыл облысында «Мирный» жел электр станциясын салу үшін 1,2 млрд доллар инвестиция бөлуге келісті.
Жоба 2028 жылдың соңына қарай іске қосылады деп жоспарланып отыр. Станция еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа нысан тек электр энергиясын өндірумен шектелмей, оны сақтауға арналған заманауи жүйелермен жабдықталады. Бұл энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба ҚазМұнайГаз-дың «жасыл» энергетикаға көшу стратегиясының бір бөлігі саналады. Сонымен қатар ол өңір экономикасына инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында да қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы басталған. Аталған жоба Екібастұз маңында жүзеге асырылуда.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





