2023 жылы жариялаған жоспарына сәйкес, Toyota 2024 жылдың соңына қарай Джорджтаундағы құрастыру зауытында жол талғамайтын электркөлік шығаруа бастауы керек еді. Bloomberg-тің хабарлауынша, компания алдағы екі жылда АҚШ-та барлығы жеті түрлі электромобиль шығарып, сатуды жоспарлап отырған. Бұл тек осы зауыттағы жоспары.
Ал Кентуккиде 2026 жылдың басында және дәл сол жылы Принстондағы зауытында толық электрлі жол талғамайтын көлікті шығару жоспары өзгеріссіз.
Айта кетейік, қазіргі кезде жапониялық автоалпауыт бір ғана электр көлік шығарады. Қытайда құрастырылатын Toyota bZ4X 2021 жылы сәуірде таныстырылып, 2022 жылы сатылымға шықты.
Бұған дейін қытайлық Li Auto-ның ресми түрде Қазақстан нарығына кіретіні туралы хабарлаған едік.
https://7kun.kz/news/li-auto-resmi-trde-kazakstan-narygyna-kiredi