Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп Путинмен мүмкіндігінше тезірек кездесуге ниетті

Трамп Путинмен мүмкіндігінше тезірек кездесуге ниетті

  «Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындық процесі қазірдің өзінде жүріп жатыр және оны жақын арада өткізу керек», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

«Біз мұны мүмкіндігінше тезірек жасауға тырысамыз. Жалпы, Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс мүлде басталмауы керек еді», – деді ол  журналистерге.

Трамп Украина президенті Владимир Зеленский «мәміле жасасуға дайын» ​​екенін айтты.

Сонымен бірге, АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио журналистерге Украинадағы қақтығысты тоқтату «президенттің басты басымдығы болатынын» айтты және «шын мәнінде, бұл жұмыс басталып кетті, қазір кейбір дайындыққа кірісіп кеттік», – деді.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей мәселесі жөніндегі арнайы өкіл, отставкадағы генерал Кит Келлогқа 100 күннің ішінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтауға тапсырма берді.

WSJ ақпаратына қарағанда, Трамптың қолынан мұның келетіне сенетіндер аз. Әсіресе, ресейліктер.

«Жарияланымға қарағанда, сарапшылар Украина бойынша келіссөздерді Дональд Трамптың өзі жеке бақылауына алатынын айтады. Келлог келіссөздер бойынша кеңес береді. Бірақ Трампқа біреудің кеңесі керек екені күмәнді», – деп жазады басылым.

Ұқсас материалдар