Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп TikTok-ты сату туралы жарлыққа қол қойды

Трамп TikTok-ты сату туралы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-тың америкалық бөлігін ел ішіндегі компанияларға тапсыру туралы ресми жарлыққа қол қойды.

Енді TikTok-тың АҚШ-тағы қызметі америкалық инвесторлардың бақылауында болады.

Негізгі өзгерістер:

  • TikTok-ты басқаратын жаңа директорлар кеңесі құрылады.

  • Құпия деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.

  • Oracle америкалық компаниясы негізгі техникалық әріптес ретінде тағайындалды.

  • Қытайлық ByteDance компаниясы TikTok-та 20%-дан аз үлесін ғана сақтап қалады.

Түсініктеме:

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, бұл шешім TikTok-тың жұмысын тоқтатпай, америкалық қолданушылардың жеке деректерін қорғауға бағытталған.

Трамптың сөзінше, бұл келісімді Қытай төрағасы Си Цзиньпин де қолдаған.

Ұқсас материалдар