
АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-тың америкалық бөлігін ел ішіндегі компанияларға тапсыру туралы ресми жарлыққа қол қойды.
Енді TikTok-тың АҚШ-тағы қызметі америкалық инвесторлардың бақылауында болады.
Негізгі өзгерістер:
-
TikTok-ты басқаратын жаңа директорлар кеңесі құрылады.
-
Құпия деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.
-
Oracle америкалық компаниясы негізгі техникалық әріптес ретінде тағайындалды.
-
Қытайлық ByteDance компаниясы TikTok-та 20%-дан аз үлесін ғана сақтап қалады.
Түсініктеме:
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, бұл шешім TikTok-тың жұмысын тоқтатпай, америкалық қолданушылардың жеке деректерін қорғауға бағытталған.
Трамптың сөзінше, бұл келісімді Қытай төрағасы Си Цзиньпин де қолдаған.