Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тұрғын үй саясатының жаңа ережесі күшіне енеді

Тұрғын үй саясатының жаңа ережесі күшіне енеді

 Ертеңнен бастап елімізде тұрғын үй саясатының жаңа ережесі күшіне енеді. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков негізгі өзгерістерді атады.

Сонымен жаңа нормаға сәйкес:

баспанаға мұқтаж азаматтардың тізімі KEZEKTE.KZ жүйесінен «Отбасы банкі» АҚ-тың ақпараттық жүйесіне ауыстырылады.

кезекке қою және тұрғын үйлерді бөлу қызметі енді әкімдіктерден «Отбасы банкке» өтеді;

кезекке қою әлеуметтік санатқа қарамастан жүзеге асырылады;

баспана кезекке тұру күніне және өтінім берушінің табыс деңгейіне қарай ұсынылады. 

Осылайша, баспана бірінші кезекте кезекке ертерек тұрын үлгерген азаматтар арасында бөлінеді.

Кезекте тұрғандар үнемі тексеріледі, 3 айда кемінде бір рет түгендеу жүргізіледі.

«Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы осы жылдың 24 мамырында күшіне енетін «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Енгізілген түзетулер аясында «Отбасы банкі» тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыратын ұлттық даму институты болып қайта құрылды. Кезектің ағымдағы ақпараттық жүйесі 24 мамырға дейін жұмыс істейді. Одан кейін кезекте тұрған барлық азамат Отбасы банкіне беріледі», – деді комитет басшысы.

Ұқсас материалдар