Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тәуелсіз директорларға жаңа талаптар енгізіледі

Тәуелсіз директорларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда банктердің басқару сапасын арттыру мақсатында тәуелсіз директорлар институтын күшейту жоспарлануда.

Бұл туралы Мәжілісте «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасын таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

Жаңа заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын іске асыру аясында әзірленген. Құжат банктердің жұмысын жетілдіруді, реттеуді күшейтуді және корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруды көздейді.

 Негізгі өзгерістер:

🔹 Тәуелсіз директорлар бойынша жаңа талаптар

 – Директорлардың объективті және әділ шешім қабылдауын қамтамасыз ету үшін олардың тәуелсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі.
– Директорлар кеңесінде болу мерзімі 9 жылмен шектеледі.

🔹 Бақылау тетіктерін жетілдіру

– Банк ішіндегі тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және комплаенс қызметтерінің басшыларына нақты талаптар қойылады.
– Уәжді пайымдау тетігін қолдану ауқымы кеңейтіледі.

🔹 Банктік активтерді тиімді басқару

– Өндіріп алынған мүлік банк балансында 3 жылдан артық сақталмауы тиіс. Бұл – активтерді экономикалық айналымға тез қайтаруға мүмкіндік береді.

🔹 Нормативтік базаны оңтайландыру

– Қайталанатын және ескірген нормалар алынып тасталады.
– Акционерлер мен басшылыққа қойылатын талаптар бірыңғай заңға біріктіріледі.

Қаржылық технологиялар мен цифрлық активтерді дамыту
– Заң жобасында цифрлық активтер айналымын жеңілдету, қаржылық технологияларды дамыту және банк секторында бәсекелестікті арттыру шаралары қарастырылған.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл бастамалар банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономиканы қаржыландырудағы оның рөлін арттыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар