Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Volkswagen концерні алдағы төрт жылда 20 мың қызметкерін жұмыстан шығармақ

Volkswagen концерні алдағы төрт жылда 20 мың қызметкерін жұмыстан шығармақ

Германияда Volkswagen AG компаниясының 20 мың қызметкері алдағы төрт жыл ішінде уақытынан бұрын жұмыстан кетуге келісім берген.

Бұл туралы немістің Bild басылымы жазады. 

Компания басқармасының хабарлауынша, қызметкерлерге жәрдемақы беріледі. Оның көлемі еңбек тәжірибесіне байланысты болады, 400 мың еуроға дейін жетуі мүмкін.

Қызметкерлерді жаппай босатуға автомобиль саласындағы құлдырау себеп болған. Концерн 2030 жылға дейін 35 мың адамды қысқартуды жоспарлап отыр. Жалпы Volkswagen 130 мың қызметкері жалақысын тоқтатып, 1290 еуро көлемінде демалыс ақысын алуға келіскен. Компания тағылымдамадан өтетіндерді 1,4 мыңнан 600-ге дейін қысқартып, 1,5 млрд еуро үнемдеуді көздеп отыр.

Еске салайық, өткен жылдың соңында автоалпауыт қызметкерлері жалақыны төмендету, жаппай қысқарту және бірқатар зауыттарды жабуға қарсы болып, ереуілге шыққан еді.

Ұқсас материалдар