Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ВТБ Банк ЕО санкциясына тап болды

ВТБ Банк ЕО санкциясына тап болды

ҚР Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев ВТБ Банкке қатысты қойылған санкцияға пікір айтты.

Е. Жамаубаев ВТБ осыған дейін санкцияларға ұшырағанын айта келе, бұл банк арқылы іс жүзінде операциялар жүргізілмегенін жеткізді.

«Сондықтан ВТБ жалпы қаржылық тұрақтылыққа теріс әсер етпейді, сондықтан бұл жағдай экономика үшін елеулі тәуекелдер болдырмайды деп ойлаймын», деді ол Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ҰБ төрағасының орынбасары салымшыларда кез келген банкті таңдауға құқылы екенін және бұл бағытта ешқандай проблема жоқ екенін айтты.

«Банкке қатысты ақпарат енді ғана жарияланып жатыр. Бұл ретте оның қанша салымшысы бар екенін және осы жағдайдың әсерін қараймыз. Осы ахуалға ерекше мән береміз, яғни банк клиенттері мен халық осыдан зардап шекпеуі тиіс. Егер төлемдер мен аударымдарға қатысты қандай да бір проблема болса, көмектесеміз», – деді ол.

Ерұлан Жамаубаев санкциялар мәселесі біраздан бері ерекше назарда тұрғанын, сондықтан Қазақстанның әрбір банкі мен әрбір шаруашылық субъектісі жіті бақылауда екенін атап өтті.

«Үкімет Қазақстанда мұндай қайталама санкциялар болмауы үшін барлық жағдайды мұқият қадағалап отыр. Ұлттық банк бұл бағытта Үкіметпен тиісті жұмысты жалғастырады,   деді ол.

Ұқсас материалдар