Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

VW жұмысшылары зауыттарды cақтап қалу үшін жалақыны көтеруден бас тартуға дайын

VW жұмысшылары зауыттарды cақтап қалу үшін жалақыны көтеруден бас тартуға дайын
IG Metall неміс кәсіподағының аймақтық бөлімшелері бірінің басшысы және оның Volkswagen-мен келіссөздердегі негізгі өкілі Торстен Грёгер бүгін компанияға зауыттарды жабудан бас тартуды және бонустар мен дивидендтерді төлеуді шектеуді ресми түрде ұсынбақ. Оның орнына жұмысшылар жалпы сомасы 1,5 миллиард еуро көлеміндегі жалақыны көтеруден бас тартуға дайын.
 

Айта кетейік, IG Metall және VW өндірістік кеңесі осы уақытқа дейін жалақыны 7% арттыруды талап етіп келген. Қыркүйек айында компания сатылымның төмендеуіне байланысты Германиядағы кем дегенде үш сату алаңын жабуға тура келетінін хабарлаған. Оның салдарынан зауыттар да жабылуы мүмкін. Сондықтан жұмысшылар жалақы туралы талптарынан бас тартып, зауытты жаппауды ұсынуда. 

Торстен Грёгер 1 желтоқсаннан бастап Германиядағы концерн кәсіпорындарында ереуіл болуы мүмкін екенін атап өтті. Дағдарыстық жағдай компанияның қаржылық әлеуетін төмендетуде. Кешегі саудада Volkswagen акциялары 0,8%-ға төмендеді.

Ұқсас материалдар