20 сәуірдегі жағдай бойынша қытайлық Xiaomi алғашқы электромобилі SU7-ге 70 мыңнан астам тапсырыс алды. Бұл туралы компанияның бас директоры Лей Цзюнь айтты, деп хабарлады әлемдік БАҚ.
Компания биыл 100 мың электромобиль сатуға ниетті. Citi сарапшыларының айтуынша, 300-400 мың болса, көлік өндірісі шығынсыз деңгейге жетеді. Сондықтан, Xiaomi электрокөліктері 2025 жылдан ары қарай өзін ақтай бастауы мүмкін.
Айта кетейік, Xiaomi наурыз айының соңында өзінің алғашқы электромобиліне тапсырыс қабылдай бастады. Көліктің зауыттағы құны 215,9 мың юань, 30,4 мың доллар немесе 13 млн 548 мың теңге. Бұл Tesla-дан Model S бағасынан шамамен 4 мың долларға арзан.
Салыстыру үшін айтайық, Tesla өткен жылы Қытайда 600 мыңнан астам, Li Auto - 376 мың, Nio - 160 мыңнан сәл астам көлік сатқан.