Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың айтуынша, банктер енді онлайн түрде несие бермейді.
Биыл қабылданған заң өзгерістеріне сәйкес, қарыз рәсімдеу үшін клиент банкте өз қолымен құжаттарға қол қоюы тиіс.
Әбеновтің мәліметінше, банк саласына қатысты 28 ұсыныс енгізілген: оның 18-і банк заңына, 10-ы цифрлық кодекске байланысты. Депутат құрылыс саласына енгізілген түзетулерді де атап өтті – кепілдік мерзімі 10 жылға ұзартылып, екі жыл толық мемлекеттік бақылау орнатылған.
Келесі жылы тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер дайындалып жатыр. Әсіресе авиация саласында бақылауды күшейту, қайтарылмайтын билеттер мәселесін шешу және баға реттеу тетіктерін енгізу жоспарланған.





