Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр

Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр

Қазақстандықтар келесі жылы жаппай декларация тапсыруы мүмкін бе? Бұл мәселенің әзірге басы ашық.

Алайда, өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңін өткізуді тағы бір пысықтауды тапсырған еді.

Сондықтан мамандар ел тұрғындарының келесі жылы декларация тапсырмауы мүмкін екенін айтуда. Себебі, бәрі цифрландыруға көшеді. Халықтың табысы туралы деректерді онлайн да алуға мүмкіндік бар. 

Ал қазір қазақстандықтар жалпыға бірдей декларацияға қарсы петициға қол жинап жатыр. Яғни, жеке және заңды тұлғалардың кірісі мен шығысын есептеуге еш негіз жоқ дейді. Петиция авторлары халық онсыз да табысының жартысынан көбін ішер асына жұмсайтынын алға тартады. Сондықтан жалпыхалықтық декларацияның үшінші және төртінші кезеңінен бас тарту керек немесе өзгерістер енгізу үшін бес жылға кейінге қалдыру керек деп отыр.

Петиция авторлары алдымен салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет деп екенін жеткізді. Өйткені декларациялау талабы мен қолданыстағы салық заңнамасы бір-біріне қарама-қайшы.

Ал ел азаматтарын декларация тапсыруға міндеттеу мәселесін қайта қарастыруды тапсырған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, цифрландыру ісі дамыған заманда қазақстандықтардың құжат толтыруы орынсыз. 

«Қазіргі таңда мемлекеттік органдар және уәкілетті ұйымдардың барлық қызметі цифрландырылған. Елдегі қолма-қолсыз ақша қаражат айналымы 86%-ға жетті. Шетелдік ұйымдармен де келісімдер бар. Сол арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарындағы деректерді ала аламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті президентіміздің 4 кезеңдегі декларациядан босату жөнінде тапсырмасын орындауға дайын», – деді мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңі басталады. Онда серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерден өзге барлық азаматтар табысы бойынша есеп беруі тиіс.

Қазір петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Ал құжат елу мыңнан астам қол жиналған жайдайда ғана қаралады.

 

Ұқсас материалдар