«Даму» қоры шағын және орта бизнес үшін жаңа портфельдік субсидия түрін жариялады
«Даму» қоры биыл субсидиялау механизмі арқылы жалпы құны 374,5 млрд теңге болатын жобаларды қолдады.
Бұл туралы қор басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Жаңа талаптарға сәйкес мемлекет банктердің 22% жылдық мөлшерлемесінің 40%-ын субсидиялайды. Осылайша кәсіпкерлер үшін тиімді соңғы мөлшерлеме 13,2%, ал әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 11,3% деңгейінде болады.
Сонымен бірге, субсидияға тәуелсіз жаңа «Өрлеу» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлер 12,6% мөлшерлемемен 10 жылға дейін несие алып, айналым қаражатын 3 жылға дейін қаржыландыра алады. Қазірге дейін 1 459 кәсіпкер осы бағдарлама шеңберінде несие алған.
Жақын уақытта микро және шағын бизнеске арналған 200 млн теңгеге дейінгі жаңа портфельдік субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Ол өңдеу өнеркәсібі, көлік, білім, медицина және қызмет көрсету салаларындағы шағын жобаларды қолдауға бағытталады.





