Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен Қостанай, Жітіқара, Арқалық және Рудный қалаларындағы инфрақұрылымды жөндеуге 2,2 млрд теңге бағытталды.
Қостанайда ЖЭО-ның 1955 жылы салынған бас бу құбыры жаңғыртылады (188 млн теңге). Жітіқарада 11 шағын ауданның жылу желілері жөнделеді – 389 млн теңге. Арқалықта жылу желілерін реконструкциялаудың үшінші кезеңіне 645 млн теңге бөлінді.
Рудный қаласында 1978 жылғы №2 сүзгі стансасын жаңарту үшін 500 млн теңге қарастырылған. Жоба 122 мыңнан астам адамды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің жаңғырту шаралары өңірдегі жылу және су инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға бағытталған.





