Алдағы он жылда жасанды интеллектіні кеңінен енгізу салдарынан Қазақстанда 300-400 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін.
Мұндай болжамды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасады. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, автоматтандыру мен жасанды интеллект ең алдымен бухгалтер, заңгер секілді мамандықтарға әсер етуі ықтимал. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүргізген талдау бойынша, елде шамамен 300-400 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін.
Сонымен қатар министрлік жаңа сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Жыл басынан бері 186 мың адамды қайта даярладық», – деді вице-министр.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойған еді.
Құжат білім беру жүйесін цифрлық дәуір талаптарына бейімдеуге бағытталған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





