Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жасанды интеллект дәуірі: Meta 8 мың қызметкерін қысқартты

Жасанды интеллект дәуірі: Meta  8 мың қызметкерін қысқартты

Meta ауқымды қайта құрылымдау аясында 8 мың қызметкерін жұмыстан шығарды.

Сонымен қатар компания тағы 7 мың маманды жасанды интеллект бағытындағы жаңа бөлімшелерге ауыстырған.

Компания басшылығы ішкі құрылымда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін өнімдер мен сервистерді дамытуға арналған төрт жаңа бағыт құрған. Осыған байланысты қызметкерлерге 20 мамыр күні қашықтан жұмыс істеу ұсынылып, кадрлық өзгерістер туралы ресми хабарламаларды күту тапсырылған.

Марк Цукерберг жасанды интеллектті қазіргі дәуірдің ең маңызды технологиясы деп атап, дәл осы салада көшбасшы болған компаниялар болашақ индустрияның бағытын айқындайтынын мәлімдеді.

Бұл қысқарту шаралары сәуір айында басталған өзгерістердің жалғасы саналады. Ол кезде Meta 8 мың қызметкерді қысқартып, қосымша 6 мың бос жұмыс орнын жабатынын хабарлаған еді.

Сарапшылардың пікірінше, компанияның мұндай қадамы технологиялық алпауыттардың жасанды интеллект нарығындағы бәсекені күшейтуге бағытталған стратегиясымен байланысты.

Ұқсас материалдар