Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жастарға зейнетақы жинағын алу қиындайды: жеткіліктілік шегі өседі

Жастарға зейнетақы жинағын алу қиындайды: жеткіліктілік шегі өседі

Қазақстанда 20-35 жас аралығындағы азаматтар үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану талаптары күшейтілуі мүмкін.

Бұл туралы Сенаттағы дөңгелек үстелде Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы қорынан шамамен 5 трлн теңге шешіп алған. Оның 1 трлн теңгесі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесіне тиесілі. Әсіресе оңтүстік өңірлерде жинақ шекті деңгейден сәл асқан жағдайда (шамамен 500 мың теңге) оны дереу пайдалану үрдісі байқалады.

Осыған байланысты Үкімет жеткіліктілік шегін есептеу тәсілін қайта қарауды ұсынуда. Жаңа формула бойынша шек өткен жылғы көрсеткішке инфляция деңгейі мен қосымша 2 пайыз қосу арқылы анықталады. Нәтижесінде қажетті сома шамамен 10 пайызға өседі.

Министрдің сөзінше, мұндай өзгерістер азаматтардың болашақ зейнетақысын сақтауға бағытталған. Себебі жинақты ерте пайдалану кейін жеткілікті қаржы жинамау қаупін арттырады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл өзгерістерді бекіту үшін тиісті қаулы жобасын мемлекеттік органдардың қарауына жолдаған.

Ұқсас материалдар