Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жасырын цех әшкереленді

Заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жасырын цех әшкереленді
Әділет органдарының қызметкерлері Түркістан облысы аумағында тұрмыстық химия өндірісімен айналысып, «Белизна» тауар белгісін заңсыз шығарып келген  жерасты цехын анықтады.

Аталған цех Келес ауданы Абай ауылының аумағында Өзбекстан Республикасымен шекарадан 50 шм жерде жеке үйде орналасқан.

Жоспардан тыс тексеру барысында «К» жеке кәсіпкерінің «Белизна» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Зияткерлік меншік құқықтарын өрескел бұза отырып дайындалған 1500 бірліктен астам жалған өнім (жуу және дезинфекциялау құралдары) тәркіленді. Тауар белгісіне келтірілген залал 3 миллион теңгеден асты.

Айта кету керек, заңсыз жерасты бизнесі өкілдері көлемі 800 ш.м. асатын үй-жайда жаппай заңсыз өндіріс пен өнімді буып-түюді жүзеге асырып, оны Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің көтерме сауда базарларына жеткізіп отырған. Заңсыз өнімдер бағаның төмендігіне байланысты тез сұранысқа ие болған. Бірақ бір ескертетін жайт оның жасырын қаупі мыңдаған азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретінін айта кеткен жөн.

Жалған жуғыш заттар өнімі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін арзан және сапасыз компоненттерден жасалған. Мұндай өнімдерде терінің тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, тыныс алу жолдарының ауруларын және тіпті улануды тудыратын улы заттар мен аллергендер болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта кінәліні жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Іс материалдары Түркістан облысы Әділет департаментінің қарауында.

Ұқсас материалдар