Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Зейнетақы жинағын пластикалық оталарға пайдалануға тыйым салынды

Зейнетақы жинағын пластикалық оталарға пайдалануға тыйым салынды

«Отбасы банк» зейнетақы жинағының бір бөлігін пластикалық және реконструктивті операцияларға пайдалану бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тоқтатылатынын хабарлады.

Бұл шешім аталған қызметке сұраныстың 130 есеге күрт өсуіне байланысты қабылданған.

Стоматология мен офтальмология бағыттары жабылғаннан кейін, қазақстандықтар жаппай пластикалық ота мақсатын таңдай бастаған. Қараша айында өтінімдер саны 3 800-ден асып, желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде 2 093-ке жеткен. Бір айдағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жуықтады.

Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мұндай өсім БЗҚ қаражатының мақсатсыз жұмсалу қаупін арттырған. Қазіргі кезде 6 294 өтінім қаралу үстінде және барлығы қолданыстағы тәртіпке сай өңделеді.

Бұдан бөлек, азаматтар зейнетақы жинағын сирек ауруларды емдеу, радионуклидтік терапия, радиохирургиялық және протондық емдеу сияқты өмірлік маңызы бар медициналық қызметтерге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

Ұқсас материалдар