Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жабылған банктердегі сұраусыз депозиттер БЖЗҚ-ға аударылды

Жабылған банктердегі сұраусыз депозиттер БЖЗҚ-ға аударылды

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz – Лицензиясынан айырылып жабылған банктердегі іздеу-сұраусыз қаржы депозит иелерінің БЖЗҚ-дағы есепшоттарына аударылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді. 2022 жылдың 2 мамырында "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Қазақстан Эксимбанк" АҚ, "Qazaq Bank" АҚ, "Астана Банк" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank" АҚ депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталған. Сұрауы жоқ қаражат 230 мыңға жуық қазақстандықтың зейнетақы шоттарына аударылды.

ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес зейнетақы шоттарына ақша аударуды ҚДКБҚ төлеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырды. Сондай-ақ, салымшының жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты және міндетті ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары болуы қажет.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша таратылған банктер 229 715 салымшының кепілдік берілген өтем сомасын БЖЗҚ-дағы олардың ерікті зейнетақы жарналары түріндегі жеке зейнетақы шоттарына аударған.

Таратылатын банктердің депозиторлары зейнетақы шоттарына қаражаттың түсуін сайттағы жеке кабинетте, мобильдік қосымшада, БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерінде немесе "электрондық үкімет" порталында тексере алады.

Егер белгілі бір себеппен депозиттегі ақшасын алып үлгермеген адамдар зейнетақы қорына аударылып кеткен қаржыны өтініш жазып, тиісті құжаттарды көрсету арқылы ала алады. Бірақ себеп кешіріммен қарайтындай, нақты, дәледі болуы шарт екен.

Ұқсас материалдар