Астана. 149 тамыз. 7kun.kz - Әлеуметтік кодексінің жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Олардың бірі – 2023-2027 жылдар кезеңінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Бұл зейнеткерлік демалысқа шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді.
Министрліктің түсіндіруінше бүгінгі таңда Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.
Зейнетақының ынтымақты бөлігі жыл сайын азаятыны белгілі, өйткені оны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жасалған еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте жұмыскердің 10% БЖЗҚ-ға жарналары тиісті зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамтамасыз етуде жұмыс берушіге маңызды рөл бөлінгенін атап өткен жөн. Мысалы, Малайзияда жұмыскер табысының 23%-ынан жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%, қызметкер – 11%; Австралияда 9,5%-ын тек жұмыс беруші төлейді; Беларусьте – 29%, оның ішінде жұмыс беруші – 28%; Германияда – 18,6%, оның ішінде жұмыс беруші –– 9,3% төлейді.
Қазақстанда ЖМЗЖ енгізу халықты зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуге мүмкіндік береді,сондай-ақ жоғалған табысты барабар зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, күн тәртібінен тыс кезеңде жұмыс берушілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында 5 жыл ішінде ЖМЗЖ кезең-кезеңмен енгізу көзделген.
Бұл шара зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – БЖЗҚ-ға өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы-жұмыс берушілер жарналары есебінен.
Шартты-жинақтаушы құрамдауыш жинақтаушы және ынтымақты зейнетақы жүйелерінің артықшылықтарын қамтиды.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024