Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жыл басынан 391,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Жыл басынан 391,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

 2022-2024 жылдары барлығы 10,4 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 3,7 млн ​​га жері жергілікті халыққа қайта бөлінді. Бұл туралы пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов айтты.

Комитет төрағасының айтуынша қайта бөлінген жердің 1,72 млн га - жалпы мақсаттағы мал жайылымы.

«Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жерлерінің 4,4 млн га немесе 2022 жылдан бастап ел бойынша қайтарылған барлық жердің 44%-ы бұрын 204 ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қолында болған», — деді Мұрат Теміржанов.

Комиссия отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қайтарылған жерлерді бөлуге арналған конкурстардың шарттары қайта қаралатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы, Саты ауылының тұрғындары «инвесторлар» қараусыз қалдырған жерді халыққа қайтаруды сұрайтыны туралы жазған едік. Бұл мәселе әлі шешілмеген, ауыл халқы әлі де мал жаятын жерге зәру екенін айтады.

Ұқсас материалдар