2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытайда велосипед экспорты өсті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Қытай велосипед ассоцияциясының дерегінше қаңтар-наурыз айларында /өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда/ велосипед экспорты 13,7 пайызға артып, 11 миллионға жуық данаға жеткен.
Оның ішінде ең көбі АҚШ-қа шамамен 2,3 миллион велосипед экспорттады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 47,2 пайызға артық. Ал Ресейге велосипед экспорты 52,1 пайызға артып, 930 мың бірлікті құраған.
Ал велосипед бөлшектері мен аксессуарларының экспорты 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 746 миллион долларға жетіп, 10,8 пайызға өскен.
Айта кетейік, 2023 жылы Қытайда жасалған велосипедтер саны 48,83 миллионды құрады, оның 39,65 миллионға жуығы экспортқа шығарылған.