Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 2018 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығында Қазақстан экономикасы өсімнің оң қарқынын сақтап тұр.
«Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 4,1%-ға дейін артты. Бұл осы жылдың сегіз айындағы көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Базалық салалардың ішінде сауда саласы мен құрылыс саласындағы серпіннің қалпына келуі өсімнің үдеуіне негізгі үлес қосты. Сондай-ақ, инфляциялық қысымның жеңілдеуі және инвестициялық сұраныстың артуы экономикалық белсенділіктің импульсі болып отыр», — деді министр.
Инфляция деңгейі 5–7% дәлізі шегінде сақталып отыр. Қыркүйекте инфляция 0,4%, ал жыл басынан бері 3,3% құрады. Бұл ретте жылдық инфляция — 6,1% құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024