Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – 504 құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл 4 миллион 629 мың 625 теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткен тәулікте ғана қала жолдарында немқұрайлы 4 жүргізуші ұсталды. Олардың ішінде – 1983 жылы туған И.есімді азамат бар. Ол «Хонда» маркалы көлікте 504 ЖҚЕ бұзған, ер адам айыппұлдарды төлемеген. Құқық бұзушы дереу көлік құралын басқарудан шеттетілді, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Тағы бір тәртіп бұзушы РФ тіркелген көлікте ұсталды. Онда жалпы сомасы 3 млн 480 мың 909 теңгені құрайтын 370 айыппұл бар. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Оның айтуынша, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемейтін көлік жүргізушілерін анықтау цифрлық технологиялардың көмегімен жүргізілуде.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024