Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1 млрд теңге шығын келтірген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

1 млрд теңге шығын келтірген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Операция Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2023 жылы Ресей Федерациясы аумағына өткізу мақсатында Қазақстанда акцизделетін тауарларды, атап айтқанда темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген залал 1 млрд теңгені құраған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың сәуір айында ол Ресейде ұсталып, Қазақстан тарапынан жолданған сұрау негізінде елге қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас материалдар