Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

10 жыл ішінде Қазақстаннан заңсыз түрде екі Ұлттық қорға тең қаржы шығарылған

10 жыл ішінде Қазақстаннан заңсыз түрде екі Ұлттық қорға тең қаржы шығарылған

Global Financial Integrity зерттеу тобы "Дамушы елдерден заңсыз шығарылған капитал" туралы есеп жариялады. Бұл жылы тізімге 149 ел кірген.

Зерттеу негізгі екі топқа бөлінеді. Бірінші кезекте келісім-шарт құны жөнінде жалған ақпарат тарату арқылы сыртқа шығарылған қаржы көлемі, екінші елдің төлем баласындағы қателіктер мен бұрыс мәліметтер тексеріледі. Есеп бойынша, дамушы елдерден 2004-2013 жылдар аралығында 7,8 трлн доллардан астам қаржы кеткен. 2004 жылы заңсыз ақша айналымының көлемі 465 млрд доллар, 2011 жылы 1 трлн долларға, ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,090 трлн долларға жеткен.
Елден шығарылған заңсыз капитал көлемі ең жоғары 5 елдің тізімінде Қытай (139,2 млрд доллар), Ресей (104,9 млрд доллар), Мексика (52,8 млрд доллар), Үндістан (51,0 млрд доллар) және Малайзия (41,8 млрд доллар) бар. Қазақстан бұл тізімде 16,7 млрд долларлық көрсеткішпен 11 орында орналасқан. GFI сарапшыларының есептеуінше, 2004-2013 жылдары біздің елімізден 167,4 млрд доллар қаржы шығарылған. Салыстыру үшін, ҚР Ұлттық қорындағы активтің ең жоғарғы көлемі 76,8 млрд долларды құрайды. Ең көп қаржы 2007 жылдағы дағдарыс кезінде шығарылған. Көлемі - 26,5 млрд доллар. Forbes Kazakhstan тізім басындағы елдерден шығарылған қаржы көлемін есептеп, оны қазақстандық цифрлармен салыстырды. Нәтижесінде, жыл сайын Қытайдың әрбір тұрғынына шаққанда 102 доллар, әрбір ресейлікке шаққанда 731 доллар қаржы шығарылған. Ең төменгі көрсеткіш үндістандықтарда - 40 доллар, ал жоғары цифр малайзиялықтарға тиесілі - 1408 доллар. Қазақстанда әрбір азаматқа шаққанда жыл сайын 982 доллар қаржы шығарылған.

Похожие материалы