Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

12 блогер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі

12 блогер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Блогерлер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялаған.

Қазір барлығы 854 блогерге 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.

Комитет тиісті хабарламаларда көрсетілген сома салық қарызы еместігін атап өтті. Ақпаратқа сәйкес, бұл – блогерлердің салық декларациясында көрсетпеген болжамды табысы.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогерлердің миллиондаған салық қарызына қатысты жағдайға пікір білдірген болатын.

Ұқсас материалдар