Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы жарыққа шығатын 10 автокөлік

2015 жылы жарыққа шығатын 10 автокөлік

Әлемдік ірі автоконцерндер осы жылы да өз тұтынушыларын тың ойлармен, күтпеген жаңалықтармен, барынша ыңғайлы, барынша қуатты, экономикалық һәм экологиялық тұрғыдан барынша тиімді, пайдалы көліктермен қуантуды жоспарлап отыр. Ғылыми-техникалық жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып пайдаланып, күн сайын, сағат сайын дамып, жаңа дүниелер енгізіп, халықты қалай да таң қалдыруға тырысатын авто нарығының 2015 жылғы басты жаңалықтарын 7kun.kz ұсынады.

[caption id="attachment_1966" align="alignnone" width="1000"]Toyota Fuel Cell Vehicle Toyota Fuel Cell Vehicle[/caption]

Сутекті отынмен жүретін, Toyota компаниясы әрі тиімді, әрі қоршаған ортағы зиян тигізбейді деп нарыққа шығаратын бұл көліктің қуаты 135 жылқы күшіне тең. Үш минут уақыт құртып, көліктің екі шанын газбен толтырып алсаңыз, 480 шақырым жол жүріп тастай аласыз. Ал, пайдаланылған отын ауаны ластамайтын, экологиялық зардап әкелмейтін кәдімгі су түрінде тарап кетеді.

[caption id="attachment_1965" align="alignnone" width="1000"]Mercedes-Benz GLE Mercedes-Benz GLE[/caption]

Осы айда Детройттағы автосалонда көпшілікке таныстырылған Mercedes GLE 350d Coupe екі бензин және бір дизель қозғалтқышымен жабдықталған. Үшеуінің басын 9G-Tronic автоматты беріліс қорабы біріктіреді.

Алдын-ала берілген ақпарат бойынша, көлік бағасы 70 мың еуродан басталады.

[caption id="attachment_1958" align="alignnone" width="1000"]Hyundai i20 Hyundai i20[/caption]

Access, Comfort, Panorama және LED құрамында ұсынылатын жаңартылған Hyundai i20-ның нақты қай күні және қандай бағамен сатылымға шығатыны белгісіз. Тек басында бес есікті хэтчбек түрінде, кейінірек үш есікті нұсқамен ұсынылатыны хабарланды.

[caption id="attachment_1959" align="alignnone" width="1000"]Alfa Romeo 4C Spider Alfa Romeo 4C Spider[/caption]

Аңызға айналған итальяндық марканың флагманы 4С осы жылы сатылымға шығатын болды. Жаңа көлік өткен жылдың наурыз айында Женевадағы автосалонда көрсетілген концептінен алыстап кете қоймаған. Төртцилиндрлі, 1,7 литрлі қозғалтқышы бар Alfa Romeo 4C Spider 0-ден 100 ш/с-на тең жылдамдыққа 4,2 секундта жете алады. Бағасы шамамен 57 мың еуродан басталмақ.

[caption id="attachment_1964" align="alignnone" width="1000"]Jaguar XE Jaguar XE[/caption]

Jaguar ұсынатын XE спорт седаны осы көктемде сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. Құны 35 мың еуродан басталатын модель мықты алюминийден жасалған iQ[Al] платформасына ие болды.

[caption id="attachment_1957" align="alignnone" width="1000"]Honda Civic Type R Honda Civic Type R[/caption]

Жылдамдық пен драйтв ұнататын болсаңыз, Honda Civic Type R көңіліңізден шығатыны анық. Көзге оттай басылатын дизайны, үлкен спойлері біраз автосүйердің арманына айналары анық. Айтпақшы, спойлер тек сән үшін емес, мамандар оны көліктің аэродинамикалық қасиеттерін арттыру мақсатында арнайы қойып отыр екен.

Модельдің базалық нұсқасы $35 мыңнан басталады деп отыр.

[caption id="attachment_1967" align="alignnone" width="1000"]Volvo XC90 Volvo XC90[/caption]

Бұл кроссовер тұңғыш рет жеңіл рәі мықты материалдардан тұратын SPA (Scalable Platform Architecture) платформасында жиналады. Компания алдағы уақытта модельдерінің үштен екісін осы платформаға көшіруді жоспарлап отыр екен.

Бағасы $40 мыңнан басталады.

[caption id="attachment_2019" align="alignnone" width="1000"]Audi А4 Audi А4[/caption]

Audi 2015 жылы орта көлемдегі седандар сериясын жаңа модельмен толықтырмақ. Көлікті құрастыру барысында алюминий кеңінен қолданылған, бұл оның салмағын 120-150 килограмға азайтуға мүмкіндік берген екен.

Концерн тұтынушыларға үш бензинді агрегат ұсынады: екеуі 1,4 литрлі 122 және 180 жылқы күші бар қуатты болса, үшіншісі электр қозғалтқышты 95 жылқы күшіне ие құрылғы болмақ.

Құны $40 мыңнан басталады.

[caption id="attachment_1962" align="alignnone" width="1000"]Ford Mondeo Vignale Ford Mondeo Vignale[/caption]

Ford компаниясының еуропалық бөлімшесі осы жылы сыртқы және ішкі көрінісі қайталанбас жаңа модель ұсынбақшы.

Бағасы бойынша әзірге деректер жоқ.

[caption id="attachment_1963" align="alignnone" width="1000"]BMW M2 BMW M2[/caption]

2015 жылың қараша айында жаңартылған BMW M2 моделі жаппай құрастырыла бастайды деп жоспарланып отыр. Рестайлинг жасалған екі есікті көлік 09ны 56 мың еуродан басталмақшы.

Похожие материалы