Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылы Қазақстанда кімдердің айлығы өседі?

2025 жылы Қазақстанда кімдердің айлығы өседі?
Келесі жылы кімдердің айлығы өсетінін Үкіметте премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы да 18%-ке ұлғайтылды, 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы да 17%-ке өсетін болады», – дейді Байбазаров.

Оның сөзінше, Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды іске асыруды жалғастырады. Мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіптік кешенде жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасын іске асыру басталған.

«Экономикаға үлкен инвестициялар құйылуда. Биыл тек Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын іске асыру шеңберінде экономиканы қаржыландыру 2 трлн теңгеден асты», – дейді ол.

Ұқсас материалдар