Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылдан бастап электронды денсаулық паспорты іске қосылады

 2026 жылдан бастап электронды денсаулық паспорты іске қосылады

 Қазақстан медицинасы саласында жаңа цифрлық жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.

Трансформацияның негізгі элементі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы болады. Оның негізінде 2026 жылы азаматтар өздерінің электрондық денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізеді.

«Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде отандық клиникаларда инсульт, өкпе, сүт безі обыры және пневмонияны анықтау үшін КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде белсенді қолданылады», – деді денсаулық сақтау министрлі Ақмарал Әлназарова.

Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін жасанды интеллект көмекшілер жұмыс істей бастаған.

«Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азаматтар үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн», – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде цифрландырудың айтарлықтай нәтижесі көріне бастаған. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлеріне жүктемені 40%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру кеңейтіліп, оның нәтижесінде 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтыну көрсеткіші 6,7 млрд теңгеге төмендеген.

Ұқсас материалдар