Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Келесі жылдан бастап Қазақстан-Қытай автокөліктері рұқсатсыз өтеді

Келесі жылдан бастап Қазақстан-Қытай автокөліктері рұқсатсыз өтеді

2026 жылдан бастап Қытайға баратын қазақстандық көліктерге рұқсат шектеусіз, сандық жүйе арқылы автоматты түрде беріледі.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

5-6 қараша күндері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан мен Қытай Көлік министрліктерінің өкілдері халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесу өткізді. Қазақстандық делегация құрамында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері болды.

Кездесу қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  • 6-12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкісін береді. Бұл көрсеткіш арқылы қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі анықталады.

  • 2026 жылдан бастап рұқсаттар сандық шектеусіз берілетін болады. Яғни Қытайға кіретін барлық көлік құралына, ҚХР заңнамасын бұзбаған жағдайда, рұқсаттар автоматты түрде беріледі.

Айта кетейік, 2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкін пайдаланды. Ал биылғы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам рұқсат алынған және қолданылған.

Ұқсас материалдар