Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

2026 жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Тиісті Үкімет қаулысы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылға дейін тағайындалған әлеуметтік төлемдер 10 пайызға арттырылады. Бұл төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр азаматқа жеке есептеледі. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне, мүгедектік тобына, ал асыраушысынан айырылу жағдайында – асырауындағы адамдар саны мен марқұмның жалақысына байланысты анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын жариялаған болатын.

Ұқсас материалдар