Компаниянің өз көліктерін кері қайтаруы алғашқы жайт емес. Hyundai осыған дейін өздігінен қозғалуына себеп болуы мүмкін сымдардағы ақауға байланысты АҚШ-тағы 42 000-нан астам көлікті кері қайтарған-ды.
Бұл жолы қайтарып алуының себебі – зарядтау блогындағы (ICCU) техникалық ақау.
Құрылғының жарамсыз болып, 12 вольтты батареяны зарядтамай қалу күдігі басым. Егер бұл жағдай автокөліктің қозғалу барысында болса, соңы апатқа әкеліп соғуы мүмкін.
Десе де, қазіргі күнге дейін мұндай жағдай тіркелмеген, бірақ теориялық тұрғыдан мүмкін екені болжанып отыр. Сондықтан болар, кері қайтарып алу тізіміне енген автокөлік иелеріне ресми дилерлік орталықтарға тапсыру ұсынылған.
Кері қайтаруға келесі үлгілер кіреді:
2022-2024 жылғы Hyundai Ioniq 5;
2023-2025 жылғы Hyundai Ioniq 6;
2023-2024 жылғы Genesis GV60, GV70 және G80;
2022-2024 жылғы Kia EV6.