Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

25,2 мың тонна макарон өнімі ТМД елдеріне экспортталған

25,2 мың тонна макарон өнімі ТМД елдеріне экспортталған

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында өндірілген макарон өнімдерінің көлемі 109,1 мың тоннаны құрады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. «Өндірістік көрсеткіш 7,5% төмендеді. Сонымен бірге макарон өнімдерінің импорты 14,6% артып, 30,7 мың тоннаға жетті. Импорттық өнімнің жалпы көлемдегі үлессалмағы 22% құрайды», делінген хабарламада.

Импортталған макарон өнімдерінің негізгі бөлігі ТМД елдерінен жеткізілген – 25,2 мың тонна. Сондай-ақ кеспе, спагетти және басқа да макарон өнімдерінің Қазақстанға экспорттаушылар қатарында Қытай, Корея Республикасы, Италия және Польша бар.

2024 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 33,8 мың тонна макарон өнімі экспортталды. Өнімнің негізгі бөлігі ТМД елдеріне, сондай-ақ Грузия, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Корея Республикасы, Литва және Германияға жөнелтілді.

 

Ұқсас материалдар