Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

26 желтоқсан Әзірбайжанда аза тұту күні деп жарияланды

26 желтоқсан Әзірбайжанда аза тұту күні деп жарияланды

Баку-Грозный бағытындағы Embraer 190 ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн жарияланды. Бұл туралы Жарлыққа Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев қол қойды, деп хабарлады media.az

Еске сала кетсек, Баку- Грозный J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Қазіргі кезде Қазақстан мен Әзірбайжан тарапынан мемлекеттік комиссиялар құрылған.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев AZAL жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысудан бас тартқан. Қазіргі кезде Әлиевке көптеген мемлекееттердің басшылары көңіл айтуда. Қазақстан Президенті алғашқылардың бірі болып көңіл айту жеделхатын жолдап, тиісті органдарға зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 

Қазақстандықтар да қайғылы оқиғаға көңіл айтып, Әзербайжан Республикасы елшілігі ғимараты алдында астаналықтар гүл шоқтарын қойып жатыр. 





Ұқсас материалдар