Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР теңгесі құнсызданған валюталардың рейтингінде бірінші орында

ҚР теңгесі құнсызданған валюталардың рейтингінде бірінші орында

Қазақстан теңгесі құнсызданған валюталардың рейтингінде бірінші орында. Еуропа мен ТМД елдерінің 2015 жылғы қорытындысы бойынша құнсызданған валюталардың рейтингінде Беларусь рублі мен Украина гривнасы екінші және үшінші орынды алып отыр. Мұндай мәлімет Украинадағы Forex Club ақпараттық-сараптамалық орталығының жыл сайынғы зерттеуінде келтіріледі, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Биыл, сарапшылардың есебі бойынша, теңге 85,2 пайызға дейін құнсызданған, беларусь рублі 54,3 пайызға және украин гривнасы 48,7 пайызға арзандаған. Forex Club сарапшылары Қазақстан экономикасына қытай юані мен Brent маркалы мұнайының 2015 жылдың басынан бері 33 пайызға арзандағаны әсер етті дегенді айтады. Олардың айтуынша, Қазақстан Ұлттық банкі осы себепті тамызда еркін айналымға өтуге мәжбүр болды. [caption id="" align="alignnone" width="584"] Украинадағы Forex Club[/caption] Тізімде 2015 жылы ТМД елдерінің валюталарының нығаймағанын көруге болады. Ал еуропалық валюталардың ішінде девальвацияға норвег кронасы ұшыраған - 15,8 пайыз. Бұл жағдай әлем нарығындағы мұнай мен газдың арзандауынан болған. Еске салайық, теңге бағамы соңғы бірнеше күнде тарихи антирекордтарды жаңартып жатыр. 18 желтоқсан күнгі кешкі жағдай бойынша, бір доллар Алматы мен Астанада орташа 350 теңге тұрады.

Похожие материалы