Познавательный
Қазақстанда автокөліктің қосалқы бөлшектері қымбаттайды
Қазақстанда қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдары қымбаттайтын болады. Мұндай өзгеріс туралы ҚР энергетика министрі мәлімдеді.
Атаған шешім шыққан құжатта тасымалдау немесе кіргізу барысында ақша алынатын өнімдердің тізімі берілген. Ол тізімге жеңіл, жүк көліктері, автобустар, троллейбустар, сондай-ақ, дөңгелектер, аккумулятордың барлық түрлері, оларға арналған сепараторлар, гидравликалық мақсаттарда қолданатын сұйықтар, вазелин майы, антифриздер және т.б енген.
"Алдағы уақытта кәдеге жарату құны нақты айтылатын болады. Әзірге бағалары туралы мәліметтер бере алмаймыз", - дейді министрлік.