Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

350 млн теңге залал келтірген күдікті елге экстрадицияланды

350 млн теңге залал келтірген күдікті елге экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматының Қырғыз Республикасы аумағынан экстрадицияланғанын хабарлады.

Тергеу мәліметінше, 2023 жылы күдікті заңсыз мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға жалған шот-фактуралар жазып беру схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке шамамен 350 млн теңге көлемінде салық төлемеу арқылы залал келтірілген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың наурызында ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыс дәлелденген жағдайда оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар